Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев16 маусым - күнтізбе
16 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 167-ші күн, жыл соңына дейін 198 күн бар

16 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

16 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін көптеген елде Бүкіләлемдік мотоциклші күні аталып өтеді, оның ұраны – "Жұмысқа мотоциклмен бар!". Бұл мейрам алғаш рет 1992 жылы аталып өтті. Бірнеше елде адамдар осы күні көліктерін гаражда қалдырып, жұмысқа мотоцикл мен скутермен барған. Әуелде бұл мейрам "Мотоциклмен жұмысқа" деп аталған, тек кейін ол мотоцкилші күні деп өзгертіледі.

1990-шы жылдардың ортасында санақ қорытындысы бойынша акцияға бес мың адам қатысқаны анықталды, 1997 жылы бұл мерекенің құрметіне ресми сайт ашылды. 2000 жылға дейін мұндай акциялар бейресми түрде өткізіліп келді, кейін АҚШ пен Еуропадағы мотоциклшілерге техникалық және заңгерлік көмек көрсететін коммерциялық емес ұйым пайда болды.

Ресейде бүгін Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесінің туған күні аталып өтеді. Бұл жерге қазір Мәскеу тұрғындары мен қонақтары жиі қыдырып келеді. 1917 жылға дейін бұл жерде көшпелі цирк орналасқан екен, тек 1939 жылы ғана колхозшылардың өтінішімен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесі жұмыс істей бастайды. Ол салтанатты түрде ашылып, сол кездің бүкіл талабына жауап берген. Бұл жердегі әр түрлі павильондар 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанған дейін жұмыс істеген.

Сондай-ақ бүгін әлемде Африка балаларын қорғау күні немесе Халықаралық африкалық бала күні аталып өтеді. Бұл мереке африкалық бірлік ұйымының бастамасымен бекітілді. Алғаш рет мейрам 1991 жылы аталып өтті, оның басты мақсаты – әлемдік қауымдастықтың назарын африкалық балалардың жағдайына аудару.

16 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1903 жылы америкалық  "Ford" көлік жасау компаниясының негізі қаланды;

1903 жылы АҚШ-та "Пепси-кола" сауда маркасы тіркелді;

1963 жылы тұңғыш әйел ғарышкер Валентина ғарышқа ұшты;

1972 жылы Нью-Йоркте джаз музейі ашылды.

16 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының делегациясын қабылдады. Келіссөздер барысында Алматыда БҰҰ-ның өкілдігін ашу туралы уағдаластық жасалды;

1993 жылы ҚР президенті жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылды;

2000 жылы Астанаға "Қалалар - бейбітшілік үшін" ЮНЕСКО сыйлығының сертификаты табыс етілді;

2011 жылы Қазақстан Microsoft компаниясы өз өнімі - Internet Explorer 9 браузерінің қазақша нұсқасы шыққанын ресми жариялады.

16 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1955 жылы рок-журналист, музыка сыншысы, КСРО-да рок музыканы, ал Ресейде электронды музыканы алғаш үгіттеушілердің бірі Артемий Троицкий дүниеге келді;

1967 жылы неміс футболшысы, Германияның суперкубогының иегері, қазіргі уақытта "Liverpool ағылшын клубының бас жаттықтырушысы Юрген Клопп дүниеге келді.

1971 жылы хип-хоп орындаушысы және актер Тупак Шакур (2Pac) дүниеге келді, оның шығармашылығы бүкіл әлемде хип-хоп және рэп мәдениетінің дамуына ықпал етті.

16 маусымда Қазақстанда кім туды

1936 жылы Қазақстандағы геологиялық барлау саласының негізін қалаушы ғалым Орал Ақшолақов  дүниеге келді;

1936 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Мәдениет Ешекеев дүниеге келді;

1962 жылы Оңтүстік Африка Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Талғат Қалиев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бүгін сізге жамандық ойлап, кедергі келтіргісі келетіндер болады. Бірден ашық айқасқа шығуға ұмтылмаңыз. Дұшпаныңыздан айлаңызды асыруға тырысқан жөн. Жалпы, күн тыныш өтеді. 

Жаңалықтар
0