Дерекқор

Түндердің ішіндегі қайырлысы Қадір түні туралы не білеміз?

© Sputnik / Асем МиржекееваАстанадағы мешіт
Астанадағы мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде болатын Қадір түні жайлы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

"Қадір" сөзі нені білдіреді

Қадір түні жайлы Құранның "Қадір" сүресінде:

"Біз оны (Құран) Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Бұл түні Раббыларыңның рұқсатымен бүкіл періштелер және рух (Жәбірейіл) әрбір іс үшін жер жүзіне түседі. Бұл түні есендікке толы болады. Ол таң шапағына дейін жалғасады" деген.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Кімде кім Қадір түнінің мол сауабына сеніп, ықыласпен өткізсе, күнәлары кешіріледі" деп бұйырды.

Қасиетті Рамазан айында туған балаға қандай есім қоюға болады?

Біріншіден, "Қадір" сөзі "үкім кесілетін түн" дегенді білдіреді. Бұл жайлы Құран Кәрімде "Ол кеште барлық хикметті істер айырылады" деп бұйырылады. Осыған орай, Қадір түнінде Алланың тағдырды үкім ететін мезгілі, яғни әуелгі тағдырдың (ләухул-махфуз) паш етілуі меңзелген.

Екіншіден, "Қадір" сөзі "абырой, ұлылық, орасан зор" мағынасын береді. Себебі, Қадір түні – ұлық және аса қасиетті кеш болып саналады.

Рамазан айының соңғы он күнінде не істеу керек?

Үшіншіден, "Қадір" сөзі "сығылысу, нығыздалу" мағынасын береді. Өйткені, бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскенде жер жүзі тарлық етіп, олар сыймағандықтан бір-біріне сығылысады.

Қадір түні – Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн. Бұл түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді", - деген. Тағы бір хадисте: "Рамазан айы бойынша ақшам және таң намазын жамағатпен оқыған адам Қадір түнінен көп несібе алады", - деген. Ендеше Қадір түні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмбетіне деген терең сүйіспеншілігінен туындаған дұғасының құрметі үшін қабыл болған.

Қадір түні не істеу керек

Бұл қасиетті түнді Аллаға құлшылық жасап, намаз оқып, Құран Кәрім оқып, үйреніп, үйретіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с)  салауат айтып, уағыз-насихат тыңдап, Алладан кешірім тілеп, жақсы-жаман істерге есеп беріп, жиі-жиі дұға жасап өткізген абзал.

"Ағзаңыз жасарады": 27 жыл ауыз бекіткен дәрігер ораза ұстаудың пайдасы туралы айтты

Қадір кешінің уақыты күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады. Бұл түннің ғибадаттарын мұсылмандар мешіттерде де, өз үйлерінде де атқара алады. Кейбір мұсылмандар Қадір түнінде түні бойы дастарқан жайып қойып, қол қусырып отырумен шектеледі. Не болмаса, теледидар қарап, әңгіме айтумен өткізеді. Түні бойы көз ілмей шықсақ жеткілікті деп есептейді. Бұл да – қате. Қадір түнін өткізуде түні бойы дастарқан жайып қою шарт емес.

"Тастаушы болмаңдар" Сәресі туралы не білуіміз керек?

Сондай-ақ, бұл түнді шариғат үйрену, тәсбіх тарту, діни кітаптар оқу, діни фильмдер көру, мешітке келгенде дүние сөзін сөйлемеу амалдарын орындау арқылы өткізу керек.

Қадір түні қандай дұға оқу керек

Осы түні айтылатын арнайы дұғаларға келсек, Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) : "Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын" деп сұрағанда, Алла елшісі: " Уа Аллам! Сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, менің күнәларымды кешіре гөр", - деп дұға етуге кеңес берген.

Қадір түнінде Қыдыр ата келетіні рас па?

Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан барша мұсылманның амандығын, өзара достық пен бауырмашылдықтың артуын, Ислам әлемінің біртұтастығы мен күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.

Жаңалықтар
0