Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев13 мамыр - күнтізбе
13 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 133-ші күн. Жыл соңына дейін 232 күн бар

13 мамырда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

13 мамырда әлемде қандай қызықты оқиға болды  

Бүгін ілгек-жабысқыштың (застежка-липучка) туған күні аталып өтеді. Ілгек-жабысқыштың адам тұрмысына жылдам еніп кеткені соншалық, бұрын адамзат онсыз қалай өмір сүргенін елестетудің өзі қиын. Оны сәнгерлер киімді конструкциялау кезінде сәтті қолданып келеді, ол былғары галантереясы саласына етене сіңіп кетті, ілгек-жабысқышты әсіресе бау байлағанды ұнатпайтын балалар жақсы көреді, оның көмегімен аяқ киімді тез бекітуге болады. Ілгек-жабысқышты швейцариялық инженер Жорже де Местраль ойлап тапты, ол кейде Velcro деп те аталады. Өнертапқышқа мұндай идея 1941 жылы келген. Алайда оны іске асыру үшін жылдар бойы тәжірибе жасауға тура келген. Местраль өз өнертабысын 1955 жылы ғана патенттей алды.

Бүгін сондай-ақ Халықаралық хумус күні аталып өтеді. Хумус – Таяу Шығыс елдерінде ноқат езбесінен жасалатын танымал тісбасар. Хумустың құрамына ноқат езбесі (түрік асбұршағы) зәйтүн майы, тахини (күнжіт пастасы), лимон шырыны және дәмдеуіштер (мысалы, сарымсақ, қызыл бұрыш, зере, бұрыш және т.б.) кіреді. Бұл тағам өсімдік ақуызына, жасұныққа және қанықпаған майларға бай. Көбінесе салқын тісбасар түрінде тұтынылады. Бұл тағамның шығу тарихы арабтардан бастау алғанымен, Израильде хумус ұлттық тағам саналады. Халықаралық хумус күнін Таяу Шығыс тұрғындарын біріктіру және Израильдің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жас кәсіпкер Бен Ленг енгізді. Хумус мерекенің символы ретінде таңдалды, себебі ол бүкіл Таяу Шығыста өте танымал тағам.

Жыл сайын 13 мамырда Ресейде Айдауыл күні немесе РФ Ішкі істер министрлігінің Күзет-қарауыл қызметі күні аталып өтеді. Бұл мереке күнтізбеде бекітілмегеніне және ресми мәртебе алмағанына қарамастан, оны Ресейдің барлық айдауылы атап өтеді. 1938 жылы 13 мамырда КСРО Ішкі істер халық комиссариаты жұмысшы-шаруа милициясының айдауыл қызметінің Уақытша жарғысын жариялады. Сондықтан да бұл күн Күзет-қарауыл қызметінің құрылған күні атанған.

13 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1927 жылы Киевте "Динамо" футбол клубы құрылды;

1930 жылы соңғы жабайы қалталы қасқыр өлтірілді;

1950 жылы Англияда алғашқы "Формула-1" чемпионатының алғашқы жарысы өтті. Онда Италия автошабандозы Джузеппе Фарина жеңімпаз атанды;

1991 жылы Apple корпорациясы Macintosh System 7.0 сатылымға шығарды.

13 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1904 жылы Шоқан Уәлихановтың еңбектері алғаш рет жарық көрді;

1930 жылы Қарқаралы округінің аумағында КСРО ХКК қаулысымен ҚарЛаг құрылды;

1992 жылы Қазақстан мен Финляндия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды бекіту туралы келісім жасалды;

2002 жылы Қазақстан Ядролық жеткізушілер тобына қабылданып, 40-шы мүшесі атанды;

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – "Мугунхва" ордені тапсырылды;

2011 жылы Нью-Йоркте өткен "Spring in full color" атты шығармашылық байқауда қазақстандық кескіндемеші және киносуретші Нұрлан Әбішев үздік деп танылды.

13 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1923 жылы кеңестік композитор, "Соломенная шляпка" және "Белое солнце пустыни" сияқты танымал фильмдерге музыка жазған Исаак Шварц дүниеге келді;

1939 жылы америкалық актер және продюсер Харви Кейтель дүниеге келді. "Комната с видом", "Багси", "Бешеные псы" фильмдерімен танымал;

1964 жылы Ресей поп әншісі Маша Распутина дүниеге келді;

1986 жылы Беларусь елінен шыққан норвегиялық әнші және скрипкашы Александр Рыбак дүниеге келді. "Евровидение-2009" ән байқауында жеңіске жетті.

13 мамырда Қазақстанда кім туды

1935 жылы Солтүстік Қазақстан меринос қойларының жаңа тұқымын өндірушілердің бірі Кемер Әшімбетов дүниеге келді;

1955 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Николай Поспелов дүниеге келді;

1963 жылы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым дүниеге келді;

1966 жылы "Шәмші" журналының бас редакторы, сазгер Қалдыбек Құрманәлі дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Жалпы алғанда күн қолайлы емес, теріс энергиядан арылуға тырысу керек. Ізгі ниеттеріңіз туралы ойланыңыз. Мұқтаж адамдарға қолдау көрсетіңіз. "Тобыр түйсігі", опасыз түйсіктер ушыға түседі, сондықтан қызуқандылыққа салынып, өз қалауыңызбен айналысудан сақ болыңыз.

Жаңалықтар
0