Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев14 сәуір - күнтізбе
14 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 104-ші күн. Жыл соңына дейін 261 күн бар

14 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

               14 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істейтін медициналық қызметкер күні. Бұл мерекенің тарихы 1829 жылдан бастау алады. Белгілі дәрігер Федор Гааз түрме ісімен айналысқан князь Голицынге хат жазған. Ол темір тордың ар жағындағы адамдардың денсаулығын тексеру аса маңызды екенін алға тартқан. Белгілі дәрігердің қамқорлығының арқасында жаңа қызмет пайда болды.  Оның маңыздылығы жыл өткен сайын артып келеді.

Сондай-ақ, бүгін Батыс Бенгалия, Бангладеш, Ассама мен Трипурадағы бенгал қауымы жаңа жылды атап өтеді. Пахела Байшакх бенгал тілінен аударғанда алғашқы айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бангладеште бұл күнге ұлттық мереке мәртебесі берілген. "Бойшак" айы келгенде аталып өтеді. Бұл күні адамдар күн шығысына дейін ерте оянып, ең әдемі киімдерін киеді. Туыстары, жақындары, достарымен кездеседі. Қаладағы саябақтарға барып, бұл күнді барынша ауқымды атап өтеді.

Бүгін Ангола жастарының мерекесі. Таяуда ғана тәуелсіздік алған ел үшін бұл мейрам аса маңызды. Мемлекет халқы ел болашағының жастардың қолында екенін жақсы біледі. Мереке күні елде білім беру және мәдениет шаралары ұйымдастырылады. Мәселен, 2012 жылы Ангола астанасы – Луанда қаласында жастар күніне арналған мәдени фестиваль ұйымдастырылды.

Сондай-ақ,  Грузияда ана тілі күні аталып өтеді.  Бұл мереке 1978 жылы грузин тілін мемлекеттік тіл мәртебесінен айырмақ болған шешімге қарсы өткізілген шеру құрметіне орай белгіленген.

              14 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1894 жылы алғаш рет жұртшылыққа Эдисон кинопроекторы таныстырылды; 

1900 жылы Парижде Еуропадағы ең ірі халықаралық көрме ашылды;

1912 жылы "Титаник" мұзтаумен соқтығысты;

1983 жылы Ұлыбританияда алғашқы радиотелефон сатыла бастады.

            14 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңы қабылданды;

1997 жылы Қазақстанның "Атом энергиясын пайдалану туралы" заңы қабылданды;

2001 жылы Қазақстан президенті жарлығымен Алматы облысының әкімдігі Талдықорғанға көшірілді;

2005 жылы Қазақстан студенттерінің Альянсы құрылды;

2010  жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Шығыс-Батыс" институты ұсынған Бейбітшілік сыйлығы берілді.

               14 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

1915 жылы кеңестік, ресейлік театр және кино актері Петр Глебов дүниеге келді. Оның ең танымал рөлі – "Мужики" фильміндегі Матвей Зубов;

1945 жылы тұңғыш гитарашылардың бірі ретінде танылған ағылшын рок музыканты Ричи Блэкмор дүниеге келді. Оның туындыларында классика мен рок музыка үндестік тапқан. Deep Purple тобының негізін қалаушылардың бірі. Ол топтан кеткен соң,  Rainbow тобын құрды. 1997 жылы Blackmore’s Night жобасын ашты;

1973 жылы "Оскар"және "Сезар" жүлделерінің иегері ("Пианист","Пиджак","Кинг-Конг") америкалық актер, продюсер Эдриен Броуди дүниеге келді;

1977 жылы америкалық актриса Сара Мишель Геллар дүниеге келді.

             14 сәуірде Қазақстанда кім туды

1903 жылы ақын, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмақан Әбдіқадыров дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. "Еңбекші қазақ" газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Жамбыл мұражайында қызмет атқарған. Ақынның алғашқы өлеңі "Сырдария" деген атпен 1925 жылы "Еңбекші қазақ" газетінде жарық көрген;

1911 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО жоғарғы мектебінің үздігі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, филология ғылымының докторы, профессор, жазушы, аудармашы Белгібай Шалабаев дүниеге келді;

1935 жылы ақын, филология ғылымдарының кандидаты Жайсаңбек Молдағалиев дүниеге келді;

1967 жылы кинодраматург, Қазақстанның кинематографистер одағының мүшесі, Еуразиялық телеакадемия академигі, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Лейла Ахинжанова дүниеге келді; 

1982 жылы футболшы, қорғаушы, Қазақстан чемпионы Ренат Абдулин дүниеге келді. Ол Қазақстанның үздік 22 футболшысының тізіміне енген. Қазақстанның ұлттық құрамасында болды. 

         Ай күнтізбесі

Ай – Арыстан белгісінде. Қажырлы еңбектің жемісін көретін кез жетті. Қаржылай табысқа кенелесіз. Дем алып, өміріңіздегі қызықты сәттердің санын көбейтуге асығыңыз. Бұл күнді тек өзіңізге арнаңыз. Тамаша күндердің бірі болатыны анық.

Жаңалықтар
0