Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев3 сәуір - күнтізбе
3 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Бұл – Григориан күнтізбесінде 93-ші күн. Жыл соңына дейін 272 күн бар

3 сәуірде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

3 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Жер шарында таңғажайып мереке бар – ол ұялы телефонның туған күніне арналған, көктемде, 3 сәуірде аталып өтеді. Қазіргі заманда әлі жүре алмайтын балалардың өзі ұялы телефонның не екенін біледі. Олар одан туыстарыңа қоңырау шалуға болатынын түсінбеуі мүмкін, сондықтан оны музыкалық ойыншық ретінде қабылдап,  батырмаларын оңды-солды басады. Ал ересектер бұл гаджетсіз өмірін елестете де алмайды. Телефонның тарихын білу баршаға қызықты болса керек. 1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының инженері Мартин Купер 2,5 килограмм тартатын Motorola DynaTAC 8000X ұялы телефонынан компания кеңсесіне алғаш рет қоңырау шалды. Содан бері адамзат басқаша өмір сүре бастады, өйткені қай жерде жүрсең де абонентпен дереу байланысу мүмкіндігі пайда болды.

Бүгін сондай-ақ көңілді бейресми мереке – Дүниежүзілік сауық кеші күні немесе Дүниежүзілік пати күні (World Party Day) аталып өтеді. Бұл мереке P-Day деп те аталады. Бүгінгі күні жастардың сөздік қорында жиі кездесетін "party" сөзі ағылшын тілінен аударғанда сауық кеші дегенді білдіреді. Шараның тақырыбы, түрі мен сценарийі ұйымдастырушылар мен қатысушыларға байланысты. Сауық кештер дүниежүзіне танымал, өйткені онда демалып, әңгімелесуге немесе уақытты көңілді өткізуге болады.

Бүгін тәттіқұмарлар шоколад мусының ұлттық күнін тойлайды. Мусс – тәтті тоқбасар тағам, оның шыққан жері Франция. Бұл жеңіл тоқбасар ерекше текстура беретін ауа көпіршіктерінен тұрады. Рецептурасы мен дайындау техникасына байланысты мустың тығыздығы әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте мусқа жеміс / жидек пюресі немесе шоколад қолданылады, сондай-ақ десерттің құрамына тәттілендіргіш (әдетте қант немесе бал) және ингредиенттер кіреді.

3 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар:

1863 жылы АҚШ-та алғашқы әскери-теңіз медальдары табысталды;

1879 жылы София Болгарияның астанасы деп жарияланды;

1885 жылы неміс өнертапқышы Готлиб Даймлер өзінің алғашқы қозғалтқышына патент алды;

1905 жылы Аргентинадағы ең танымал спорт клубтарының бірі – "Бока Хуниорс" құрылды;

1973 жылы дәл осы күні IBM компаниясы штрихтап кодтау әмбебап технологиясын ұсынды;

1998 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында балмұздақ пен газдалған судан әлемдегі ең үлкен коктейль жасалды. Коктейльдің жалпы мөлшері – 9480 литр.

3 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1995 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды;

2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпір пайдалануға берілді;

2010 жылы "Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы" қоғамдық қоры Қазақстан ұлттары театрын құрды;

2012 жылы америкалық Эрик Уитакердің әлемге әйгілі виртуалды хорының құрамына екі қазақстандық кірді.

3 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1937 жылы кеңестік және ресейлік режиссер, драматург, сценарист, композитор, актер, жазушы, ақын Марк Розовский дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері (1994). Ресей Федерациясының халық әртісі (2004). "У Никитских ворот" театрының көркемдік жетекшісі;

1957 жылы кеңестік және ресейлік диктор, теле және радио жүргізуші, журналист Владимир Березин дүниеге келген. Ресей Федерациясының халық әртісі. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері;

1961 жылы америкалық комедия актері, режиссер, продюсер және әнші Эдди Мерфи дүниеге келді, ол 1980 жылдары танымал болды.  

 1971 жылы Ресейдің театр және кино актрисасы, тележүргізуші Анастасия Заворотнюк дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (2006). Ол "Моя прекрасная няня" телехикаясының арқасында кеңінен танымал болды.

3 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:    

1915 жылы ақын Абдолла Жұмағалиев дүниеге келді;

1953 жылы опера әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай дүниеге келді;

1958 жылы композитор, Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серік Еркімбеков дүниеге келді;

1985 жылы Н.А.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері  Динара Тілендиева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Бүгін жағымсыз энергиядан арылуға тырысыңыз. Кейбір кезде ашуға бой алдыруыңыз мүмкін. Бір ғана дөрекі сөз қақтығысты немесе дау-дамайды тудыруы мүмкін – сөзіңіз бен іс әрекетіңізге мұқия болуыңыз керек. Мүмкіндік болса оңаша қалғаныңыз дұрыс.

Жаңалықтар
0