Саясат

Бақытжан Сағынтаев пен Әсет Исекешев қызметінен босатылды

© Sputnik / Владислав ВодневБақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Бақытжан Сағынтаев президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әсет Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Саясат
Тоқаев Айдос Үкібайды қызметінен босатты

Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне бұрын мемлекеттік хатшы болған Бақытжан Сағынтаев келді.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын", - делінген құжатта.

Ал Сағынтаевтың орнына Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.

Жаңалықтар
0