Дерекқор

Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры – тарихы

© Photo : Карагандинский областной казахский драматический театр имени Сакена СейфуллинаСәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының тарихын Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасында жоғары санаттағы актерлер мен жетекші мамандар өнер көрсетеді

Театрдың құрылу тарихы

Облыстық драма театрының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Киелі өнер ордасының іргесін сол кезде кәсіби білімі болмаған жас қыз-жігіттер қалаған еді. Театрдың негізін қалағандар қатарында 200-ден аса рөлде ойнап, талай әртістің жұлдызын жаққан Жәмила Шашкина болды.

© Photo : Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрыАфиша. Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры
Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры – тарихы - Sputnik Қазақстан
Афиша. Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры

1962 жылы Жәмила Шашкина ҚазКСР халық әртісі атанды. Сондай-ақ, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен, "Тың жерлерді игергені үшін" медалімен, "Құрмет" орденімен, ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің "Құрмет" грамотасымен және Мәдениет министрлігінің үздік белгісімен марапатталды.

Киелі өнердің қара шаңырағы театр тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған өнер майталмандарын мақтан тұтады. Олардың арасында КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мүлік Сүртібаев, Қазақ КСР халық әртісі Рахия Қойшыбаева, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Әйзен Мұсабекова және тағы басқалары бар.

© Photo : Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрыСәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры
Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры – тарихы - Sputnik Қазақстан
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры

1964 жылы театрға белгілі жазушы Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді.

Театрдың ескі ғимаратына не болды

Алғашқы жылдары театр кәдімгі үйде орналасқан еді, болашақ ғимараттың құрылысы 30-шы жылдардың соңында басталды. Жылдар өте ғимарат қаңырап бос қалып, 80-ші жылдары сәулет ескерткіштерінің қатарына қосылды.

Театр ұжымы жаңа ғимаратқа 2008 жылы көшті. Қасиетті өнер ордасын сәулетші Қанат Мұсаев жобалаған. Бүгінде мұнда 700 көрерменге арналған үлкен зал мен 200 адамға шақталған кіші зал бар. Театрдың бас сахнасын Ресейден келген мамандар салса, ал оған қажетті жабдықтар Санкт-Петербургтен жеткізілген. Театрдың салтанатты ашылуына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты.

© Photo : Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сайтыҚазақстан президенті Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртістерімен бірге, 2008 жыл
Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры – тарихы - Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртістерімен бірге, 2008 жыл

Театр майдангерлердің балаларына қалай көмектесті

1941 жылы соғыс өрті тұтанғанда, театр актерлері мен қызметкерлері қан майданға аттанды. Қалған труппа бүкіл Қазақстанды аралап, түрлі спектакль қойды. Әртістер майдангерлердің балаларына көмек қорына 43 880 рубль жинап берді. Бұл сол кез үшін аз ақша емес еді.

Тағы оқыңыз: Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

Театрдың шығармашылық ұжымы мен репертуары

Қарағанды облыстық қазақ драма театрының директоры – әртіс Сансызбай Бекболатов. Көркемдік жетекшісі – Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Дунай Еспаев.

Жыл сайын театрда алты жаңа спектакль сахналанады. Театрдың "визиттік картасы" – Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпаны". Репертуарда түрлі жанр: драма, мелодрама, трагедия, комедия, тарихи қойылымдар (Дулат Исабековтің "Әпкесі", Л.Егембердиевтің "Аққу сезімі", Ә.Оразбековтің "Соқыр үміті" және тағы басқалары) бар.

Театр әртістері:

  • Зылиха Әбдіқалықова
  • Амангелді Мұқашев
  • Батырхан Бәкіжанов
  • Дина Зайытова
  • Ерғали Жүнісбеков
  • Қайрат Кемалов
  • Қарлығаш Жарылғапова
  • Лаура Шыназарова
  • Мақсат Мәліков
  • Талғат Садықов
  • Шайза Нукина және тағы басқалары.

Театрдың жетістіктері

  • 1979 жылы С.Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлар" спектаклі КСРО мәдениет министірлігінің бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.
  • 1982 жылы театр еңбегі жоғары бағаланып, 50 жылдығына орай Халықтар Достығы орденіне ие болды.
  • 1986 жылы С.Жүнісовтың "Өліара" спектаклі Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
  • 1996 жылы Ж.Жабаевтың 150 жылдығына арналған республикалық фестивальде Ә.Оразбековтың "Бір түп алма ағашы" қойылымы жүлделі ІІ орын алды.
  • 1997 жылы Алматыда өткен М. Әуезовтың 100 жылдығына арналған халықаралық фестивальде театр ұжымы М.Әуезовтың "Қорғансыздың күні" спектаклімен қатысып, екінші орыннан көрінді.
  • 1999 жылы республикалық театр фестивалінде театр ұжымы Г.Гориннің "Атың шықпаса" спектаклімен бас жүлдені жеңіп алды.
  • 2000 жылы Мысырда (Каир) өткен халықаралық экспериментальды фестивальде Египет мәдениет министрлігінің арнайы жүлдесіне ие болды.
  • 2001 жылы Қызылжар қаласында өткен республикалық фестивальде Ш.Мұртазаның "Домалақ ана" спектаклімен ІІІ орын алды.
  • 2006 жылы Астанада өткен республикалық фестивальде Ш.Айтматовтың "Ана – Жер Ана" спектаклімен "Тарихи тақырыпты ашудағы жаңашылдық үшін" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
  • 2009 жылы ХVII Республикалық театрлар фестивалінде М.Әуезовтің "Абай" трагедиясы үшін Гран-при жеңіп алды.
  • 2011 жылы Украинада "Театр. Чехов. Ялта" халықаралық фестиваліне қатысып, "За яркое воплощение легенды и мифа" номинациясында үздік атанды.
  • 2013 жылы Сербияда "Славия-2013" халықаралық фестивалінде фестиваль шымылдығын М.Әуезовтың "Қарагөз" трагедиясымен ашуға мүмкіндік алып, "Кіші Дон Кихот" марапатына ие болды.
  • 2014 жылы Сейфуллин театрының ұжымы Таразда өткен I халықаралық  фестивальге У.Шекспирдің "Король Лир" қойылымымен қатысып, театр артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков Король Лир рөлін шебер орындағаны үшін марапатталды.
Жаңалықтар
0