Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев8 наурыз - күнтізбе
8 наурыз - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 67-ші күн. Жыл соңына дейін 298 күн бар.

8 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            8 наурызда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемнің 31 елінде Халықаралық әйелдер мерекесі тойланады. Мейрам мемлекеттік деңгейде аталып өтетіндіктен ресми демалыс күні болып саналады. Асыға күткен көктемнің келуіне, сұлулық пен нәзіктікке, әйелдердің қоғам өміріндегі рөліне арналған. Тарихтан біраз сыр шертсек, 8 наурызда Нью-Йорк фабрикасында жұмыс істейтін әйелдер жалақыны көтеруді талап етіп митингке шықты, себебі ол кезде әйелдің еңбекақысы мардымсыз болатын. Осы орайда өмір бойы әйелдер құқығы үшін күрескен Клара Цеткинге алғыс айтқан жөн. Соның арқасында бүкіл әлем мерекені атап өтеді. Қазір 8 наурыз саяси сипатын жоғалтып, аналар, қыздар, сүйген жар мен әріптес қыз-келіншектерді ер азаматтар құттықтайтын тамаша мейрамға айналды. Арулар мерекесі Ежелгі Римде де болған екен. Бұл күні күйеулері әйелдеріне гүл және сыйлықтар ұсынып, ал күңдерге заңды демалыс берілетін болыпты. Ресейде патша заманында әйелдер құқығы үшін күрес күні 1918 жылға дейін 23 ақпанда тойланатын. Кеңестік әйелдер 1965 жылға дейін 8 наурыз мерекесін атап өтіп, гүл алмаған екен.

Сирияда 8 наурызда Төңкеріс күні аталып өтеді. Мереке 1963 жылы 8 наурызда Сирияда басталған төңкеріске арналған. Бұл төңкерісті көбінесе "8 наурыз төңкерісі" деп атайды. Төңкеріс күні Сирияда жергілікті халық "Баас" партиясының билікке келуін тойлайды. 1963 жылы 8 наурызда әскери төңкерістен кейін осы партия билік тізгінін қолға алған, бірақ негізінде төңкерісті ұйымдастыруға тікелей қатысы болмаған.

Малайзияда бүгін сұлтан күні аталып өтеді. Сұлтан сияқты үш әйел алуды біраз жігіттер армандайтын шығар, дегенмен мұны әркімнің тағдыры шешеді.

            8 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1618 жылы неміс астрономы Иоганн Кеплер планеталар қозғалысының үшінші заңын тұжырымдады;

1658 жылы дат-швед соғысына нүкте қойған Роскилль шартына қол қойылып, Швеция алып территорияға ие болды;

1950 жылы КСРО атом бомбасының бар екенін мәлімдеді;

1993 жылы MTV арнасында Бивис және Баттхед есімді мультипликациялық кейіпкерлер алғаш пайда болды.

            8 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1958 жылы Алматы студиясында алғашқы хабар эфирге шығып, Қазақстанда телерадиокешен дәуірі басталды;

2005 жылы Қазақстанда бірінші Халықаралық арбитражды сот ашылды;

2013 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының үш ауылына табиғи газ беріле бастады.

            8 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1834 жылы орыс химигі Дмитрий Менделеев дүниеге келді;

1941 жылы кеңестік мәнерлеп сырғанаушы, Тамара Москвинамен жұп болып өнер көрсеткен, әлемнің және Еуропаның күміс жүлдегері, КСРО чемпионы Алексей Мишин дүниеге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1969). КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері. Ресейдің еңбек сіңірген бапкері. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дене шынықтыру маманы (2002);

1942 жылы кеңестік мотоциклші-спортшы, 250 см³ дейінгі көліктер санаты бойынша мотокростан әлем чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Виктор Арбеков дүниеге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), РКФСР-ның еңбек сіңірген бапкері;

1962 жылы кеңестік және ресейлік тілші, продюсер, "Жди меня" бағдарламасының идеялық авторы Сергей Кушнерев дүниеге келді;

1983 жылы ресейлік тележүргізуші, актриса және диджей Ксения дүниеге келді.

            8 наурызда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1914 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Зәбира Жұбатова дүниеге келді;

1919 жылы актриса, ҚР халық әртісі, "Тарлан" сыйлығының иегері Әмина Өмірзақова дүниеге келді;

1926 жылы жазушы, сыншы, аудармашы, филология ғылымының кандидаты Рәзия Рүстембекова дүниеге келді;

1935 жылы актер, Қарақалпақстан мен Қазақстанның халық әртісі Жұмабай Медетбаев дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бүгін айналаңыздағы бүкіл адамға ерекше мейрім танытып, түсіністікпен қарап, тіпті өз-өзіңізді таңғалдырасыз. Бейтаныс жандар мұндайды күтпеуі мүмкін, сондықтан өзге адамдардың құрметі мен ризашылығына ие боласыз.

Жаңалықтар
0