Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев17 ақпан - күнтізбе
17 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесінде 48-ші күн. Жыл соңына дейін 317 күн бар.

17 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         17 ақпанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлемде – Кенеттен мейірімділік таныту күні. Мерекенің мақсаты – мейірімділікті насихаттау, адамдарды қайырымдылыққа тарту. Бұл бейресми мереке, бұған халықаралық қайырымдылық ұйымдары бастамашы болған. 1998 жылы Токиода мейірім үшін бүкіләлемдік қозғалыстың алғашқы конференциясы өтті. Оған қатысқан мемлекеттер – Австралия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Сингапур, Таиланд, Жапония мерекені 17 ақпанда тойлау туралы шешім қабылдайды. Бұл идея әлемнің басқа да елдерінен де қолдау тапты. Бұл күні қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып, адамдар барынша мейірімділік танытады. Мәселен, көшеде, ауруханада үлкендерге жол береді, көршісіне көмектеседі, қоғамдық көлікте орын береді және тағысын тағы.

Сондай-ақ, бүгін – Ресей студенттік жасақтарының кәсіби мерекесі. Ресми түрде 2016 жылы пайда болған бұл дата кездейсоқ таңдалған жоқ. 2004 жылы дәл осы күні Мәскеу қаласында Бүкілресейлік студенттік жасақтардың форумы өтті. Кейіннен "Ресейлік студенттер жасағы" деп аталған отандық жастар қозғалысы құрылды. Бұл ұйымның негізгі функциясы – уақытша сипаттағы еңбек ұжымдарын құру. Жастар тобының мақсаты – сабақтан тыс уақытта ерікті түрде еңбек қызметін жүзеге асыру.

Сонымен қатар, бүгін – Исландияда әйелдер күні. Бұл мереке 19 ғасырдан бері мерекеленеді. Бұл күні ерлер үйдің тірлігін өз мойнына алып, әйелдеріне гүл сыйлап, оларға демалыс береді. Сондай-ақ, бүгінде нәзік жандарға ерекше торт сыйлау кеңінен тараған. Торттың рецептісін әр жыл сайын ерекше комиссия таңдайды.

         17 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1947 жылы Халықаралық заңгерлер қауымдастығының негізі қаланды;

1947 жылы РФ режимді нысандарында ішкі істер органдары құрылды;

1983 жылы "Ada" бағдарламалау тілінің стандарты бекітілді;

1993 жылы "Газпром" акционерлік қоғамының негізі қаланды.

         17 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Алматыда БҰҰ-ның дипломатиялық өкілдігі қызметін бастады;

2007 жылы президенттің Жарлығымен Қазақстанның сыртқы барлау қызметі – "Сырбар" құрылды;

2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды;

2009 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде "Электронды жатақхана" жобасы таныстырылды;

2010 жылы 9-сыныпқа арналған "Дінтану негіздері" оқулығы жарыққа шықты.

         17 ақпанда әлемде туған танымал тұлғалар

1906 жылы кеңестік жазушы, радиожүргізуші, балаларға арналған "Тастанды сәби", "Піл мен жіп" өлеңдерінің авторы Агния Барто дүниеге келді;

1947 жылы эстрада әншісі, ақын, композитор, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі  Вячеслав Малежик туды;

1963 жылы америкалық баскетболшы, NBI ойыншысы Майкл Джордан өмірге келді;

1981 жылы америкалық актриса және фотомодель Пэрис Хилтон дүниеге келді (фильмдері: "Блондинка в шоколаде", "Красавица и уродина").

         17 ақпанда Қазақстанда кімдер туды

1913 жылы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Камаси Өмірзақов дүниеге келді;

1938 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Владимир Александрович Ким өмірге келді;

1939 жылы журналист, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері  Ғарифолла Көшенов туды;

1944 жылы өнертанушы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Камилла Ли өмірге келді;

1949 жылы мемлекет қайраткері Владимир Школьник дүниеге келді.

1972 жылы бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Нұржан Сманов туды.

         Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Бүгін кез келген маңызды істі бастауға қолайлы күн, қаласаңыз қызметіңізді ауыстырыңыз немесе басқа қалаға көшіп кетіңіз. Қандай шешім қабылдасаңыз да, еш өкінбейсіз.

Жаңалықтар
0