Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 желтоқсан

© Sputnik29 желтоқсан - күнтізбе
29 желтоқсан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 363-ші күн. Жыл соңына дейін 2 күн бар

29 желтоқсанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

29 желтоқсанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:  

Бүгін – Халықаралық виолончель күні. Бұл бейресми мерекені виолончельшілер мен музыка сүйер қауым 29 желтоқсанда атап өтеді. Ол Каталонияның танымал виолончельшісі, дирижер, композитор және қоғам қайраткері Пабло Казальске арналған. Бұл музыкалық аспапты ұнататын жандар бүгін өзінің сүйікті музыкантының жазбасын тыңдап, өзіне жаңа орындаушылар табуға немесе концертке баруға тамаша мүмкіндік алады.

Сондай-ақ бүгін –  Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні (Өсімдік және жануарлар әлемі күні). Табиғатты қоршаған әлем – барлық тірі ағзаның өмір сүруіне қажетті табиғи жағдайлар жиынтығы, бұл өзара байланысты және өзін-өзі реттейтін жүйе деуге болады. Ондағы барлық компоненттер өз орнын иеленіп, өз функциясын орындайды. Зиянды да, пайдалы да нәрсе жоқ. Оның күші осында! Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні – әлем тұрғындарының назарын Жердегі биологиялық әртүрлілікті сақтап қалу қажеттілігіне аударып, адамдардың жауапкершілігін арттыруға тағы бір себеп. Ал бұл сөз күйінде қалмау үшін жақсылық жасаңыз – қыс мезгілінде құстарды қоректендіріңіз.

Ирландияда бүгін Конституция күні аталып өтеді. 1937 жылы қабылданған  конституция негізінде бұрын Ұлыбританияға қараған Ирландия тәуелсіз демократиялық мемлекет деп жарияланды.

29 желтоқсанда әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1699 жылы Петр I Юлиан күнтізбесіне көшу туралы жарлық шығарды;

1768 жылы Екатерина II қағаз ақша белгілерін енгізді;

1891 жылы Томас Эдисон радионы патенттеді;

1958 жылы КСРО Қылмыстық кодексінен "халық жауы" бабы алынып тасталды;

1999 жылы Түрікменстан президенті Сапармұрад Ниязов өлім жазасын алып тастау туралы заңға қол қойды.

 29 желтоқсанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі – Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы құрылды;

1998 жылы Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңы жарияланды; 

2004 жылы Астана қаласының сол жағалауындағы Қазақстан парламентінің жаңа ғимаратында мәжілістің бірінші пленарлық отырысының ашылу рәсімі өтті;

2005 жылы Семейде "Шәкәрім" ғылыми-педагогикалық журналы жарық көрді.

 29 желтоқсанда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

 1721 жылы француз королі Людовик XV тұсында мемлекеттік істерге орасан зор ықпал еткен Мадам де Помпадур дүниеге келді. Маркиза де Помпадур (фр. marquise de Pompadour) деген атпен танымал болған ол, 20 жыл бойы қоғамдық істерге, ғылымға және өнерге қамқорлық жасады.  

1938 жылы америкалық актер, "Оскар" жүлдесінің лауреаты, актриса Анджелина Джолидің әкесі Джон Войт дүниеге келді ("Полуночный ковбой", "Миссия невыполнима", "Перл Харбор" фильмдері);

1972 жылы британдық театр және кино актері Джуд Лоу дүниеге келді ("Талантливый мистер Рипли", "Холодная гора", "Близость" фильмдері);

1976 жылы ресейлік актриса, "Comedy Woman" шоуының қатысушысы Полина Сибагатуллина дүниеге келді.

29 желтоқсанда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

 1910 жылы жазушы, аудармашы, қоғам және саяси қайраткер, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Құрманбек Сағындықов дүниеге келді;

1929 жылы ақын Күлән Шілдебаева дүниеге келді;

1938 жылы жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Мемлекеттік  сыйлығының лауреаты  Асқар Сүлейменов дүниеге келді;

1942 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор Қазақ білім академиясының академигі Амангелді Құсайынов дүниеге келді;

 1975 жылы Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров дүниеге келді.

Ай күнтізбесі 

Қастық ойлаушылар көп болады, сондықтан сыйлық қабылдамаңыз және жағымсыз адамдардан сақ болыңыз.

Жаңалықтар
0