Дерекқор

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 25 қараша

© Sputnik25 ноября
25 ноября - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 329-шы күн. Жыл соңына дейін 36 күн қалды

25 қараша күні не болды?

Бұл күннің несімен ерекше екенін   дерекқорынан оқыңыз.

25 қараша күні қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемде қандай мереке атап өтіліп жатқанын көптеген әйел біледі. Бұл мерекені нәзік жандылар 1981 жылдан бастап атап өтіп келеді. 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтату күнін әлемдік күнтізбеге енгізді. Күнтізбеде бұл ерекше күннің пайда болуына 1961 жылы Доминикана Республикасында болған жағдай тікелей әсер етті. Диктатор Рафаэль Трухильоның бұйрығымен үш саяси белсенді апалы-сіңілі өлім жазасына кесілді. Сол уақыттан бері ақ мата ана болудың, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсылықтың символына айналды.

Күздің бұл күнінде тағы бір қызықты мереке бар. Ол — жан-жаққа қарау күні. Назар аударыңыздар, құрметті қауым! Бәлкім қызықты немесе маңызды бір нәрсені жіберіп алып жатқан шығарсыз?! Жаныңызда болашақ жарыңыз жүрген болса ше? Қалай болғанда да, айналаңызға зер салған кезде тағдырдың белгілерін жіберіп алмаңыз.

25 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1667 жылы Шемахта болған жер сілкінісінен 80 000 адам көз жұмды;

1867 жылы Альфред Нобель динамитті патенттеді;

1940 жылы Уолтер Ланцтың мультфильмінде алғаш рет кейіпкер Вуди Вудпекер пайда болды;

1946 жылы Мәскеу физика-техника институты құрылды.

25 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1916 жылы Семейде ағартушылық-демократиялық бағыттағы бірінші "Алаш" газеті жарыққа шықты;

2000 жылы Қызылордада Мұхтар Әуезовке ескерткіш қойылды;

2009 жылы "Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжым болып пайдалану" ұлттық ғылыми зертханасы құрылды.

25 қараша әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1562 жылы испан драматургі, ақын-жазушы Лопе де Вега туды;

1914 жылы америкалық бейсболшы Джо Ди Маджо дүниеге келді. Ол бейсбол тарихындағы мықты ойыншылардың бірі. Мэрилин Монроның екінші күйеуі;

1925 жылы КСРО-ның халық әртісі Нонна Мордюкова дүниеге келді;

1936 жылы театр және кино актрисасы Ольга Бган өмірге келді. Ол "Адам туды" фильмінде Надя Смирнованың рөлін сомдаған болатын.

25 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1885 жылы Алаш орда үкіметінің басшыларының бірі, қазақ ақыны, жазушы, ағартушы-педагог Міржақып Дулатұлы өмірге келді;

1908 жылы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, профессор Әлихан Мусин өмірге келді;

1925 жылы сазгер, Қазақстан Республикасы сазгерлер одағының мүшесі Әбілахат Есбаев дүниеге келді;

1934 жылы ғалым, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымының докторы, профессор, Ноян Бәйтенов дүние есігін ашты;

1949 жылы ҚР ұлттық ғылым академиясының Жер туралы ғылым бөлімінің құрметті академигі және төрағасы, ҚР ұлттық инженерлік академиясының академигі Жексенбек Әділов өмірге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде тоқтайды. Бүгін нар тәуекелге бел буып, бір іске немесе депозитке ақша салуға болады. Бұл күні мүлік пен қаржыға қатысты кез келген келіссөз сәтті өтеді.

Жаңалықтар
0