Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 қазан

CC0 / pixabay.com / Ер адам гүл ұстап тұр
Ер адам гүл ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Григориан күнтізбесідегі 297-ші күн. Жыл соңына дейін 66 күн қалды

26 қазан күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

26 қазан күні қандай қызықты оқиғалар болды

АҚШ, Еуропа және Латын Америкасының кей мемлекеттері 26 қазанда ене күнін атап өтеді. Бастапқыда бұл күнді әзіл ретінде атап өтетін болған. Кейін көптің көңілінен шықса керек, күнтізбеге мереке ретінде енгізілді. Бұл күні әр күйеу бала енесіне өзіне тамаша жар бола білген қызды тәрбиелеп бергені үшін алғыс айтып, сыйлық сыйлайды.

26 қазан мен 7 қараша аралығында Әзербайжанда халықаралық анар мерекесі өтеді. Осы мерекемен байланысты маңызды шаралардың барлығы Гейчай қаласында ұйымдастырылады. Мереке қарсаңында тұрғындар қаланы безендіріп, дәстүрлі анарлар жәрмеңкесіне дайындалады. Емшілер мереке кезінде халыққа анардың пайдасы мен оның қандай ауру кезінде ем екенін айтып береді. Мұнымен қатар, бүгін Австрия мемлекетінің ұлттық күні. 1955 жылы осы күні аталған мемлекет кеңес әскерін мемлекет территориясынан шығарған.

26 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1492 жылы грифелі бар қарындаш ойлап табылды;

1639 жылы АҚШ-та Гарвард колледжі құрылды;

1824 жылы Мәскеуде Кіші театрдың ашылу салтанаты өтті;

1900 жылы Нью-Йоркте бірінші метрополитен ашылды.

26 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1964 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитеті мен республика министрлер кеңесі Целиноград медициналық институтын құру туралы шешім қабылдады;

1969 жылы "Гүлдер" эстрадалық жастар ансамблі ашылды;

1999 жылы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі Кремльдің Георгиев залында өткен кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің мемлекетаралық кеңесі мәжілісіне қатысты;

2005 жылы жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан "Үн" атты әдеби журналдың таныстырылымы өтті;

2006 жылы Астанада Ауғанстан соғысына қатысушыларға арналған "Боздақтар мәңгі жадымызда. 1979-1989" атты естелік кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті;

2006 жылы Оралда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті табиғи-географиялық факультеті ғимаратына белгілі ғалым-педагог, биология ғылымдарының докторы Есенбай Ағелеуовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды;

2009 жылдың 6 қаңтарында Қазақ медицина академиясы "Астана медициналық университеті" АҚ болып қайта құрылды;

2009 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының 15-ші сессиясы өтті;

2010 жылы Алматы облысында Талдықорған-Үштөбе тасжолындағы Қаратал өзені арқылы өтетін көпір құрылысы аяқталды;

2010 жылы мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен ұсынысы бойынша тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік кеңес құру туралы шешім қабылдады;

2014 жылы Мәскеу ұлттар үйінде қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің 120 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті;

2015 жылы Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрлігі Италияның мұрағатынан Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған "Кодекс куманикустың" электронды нұсқасын елімізге əкелді;

2016 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі алғаш рет қазақстандық баспалар сайтында жариялау үшін ұсынылған бірінші сыныптардың жаңартылған мазмұндағы оқулықтардың электронды нұсқасын өз сайтында орналастырды.

26 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1880 жылы орыс жазушысы, сыншы, ақын Андрей Белый дүниеге келді;

1914 жылы кинематография саласына бала жұлдыз ретінде енген актер Джеки Куган туды. Ол Чарли Чаплинмен бірге жұмыс істеген;

1925 жылы балалар жазушысы Владимир Железников туды;

1947 жылы АҚШ-тың бірінші ханымы Хилларри Клинтон дүние есігін ашты.

26 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1904 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов дүниеге келді;

1929 ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құбығұл Жарықбаев туды;

1954 жылы Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД органдары жарғылық органдар жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы Ерғали Бөлегенов дүние есігін ашты;

1955 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі Болат Өжікенов дүниеге келді;

1964 жылы ҚР парламенті сенатының депутаты Еділ Мамытбеков туды;

1981 жылы Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев дүниеге келген.

Ай күнтізбе

Ай Торпақ белгісіне келіп тоқтайды. Сіздің әмбебаптылығыңыз бен өмірдің көптеген аспектілеріне деген қызығушылығыңыз табысты адам болып қалыптасуыңызға көмектеседі. Жұмыс сізге ләззат сезімін сыйлауы тиіс.

Жаңалықтар
0