Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қыркүйек

© РИА Новости / Медиабанкке өтуСағыз. Архивтегі фото
Сағыз. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 266-шы күн. Жылдың соңына дейін 99 күн бар

23 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

23 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

Бүгін сағыздың туған күні тойланады. Бұл –  "дәмді" мереке ғана емес, өнертапқыш Америкадан келген тұтас мәдениет. 1848 жылы талантты Джон Куртис үй жағдайында жүргізілген эксперимент арқылы кәмпитке ұқсайтын өнімді жасап шығарды.  

Алғашында ол шайырды пайдаланды, оған жеңіл хош иістендіргіштер қосты. Содан кейін өнім жетілдірілді, әйгілі "Қант қосылған кілегей", "Лулу қызылмиясы" сағыздары осылай дүниеге келді. 

 Бүгін ресейлік "Яндекс" интернет-іздеу жүйесі де туған күнін атап өтеді. Компанияның тарихы 80-жылдардың соңынан басталды, ол кезде "Аркадия" IT-ұйымы жаңа іздеу технологияларын әзірлей бастады. Осы қызметтің нәтижесінде бірнеше бағдарлама жасалды. Бұл іздеу технологиясы "Yandex" деп аталды.

Бұл жүйенің атауын 1993 жылы екі сыныптас – И. Сегалович пенА.Волож ойлап тапты.

Нәтижесінде 1997 жылдың 23 қыркүйегінде Яндекс Мәскеудегі Softool IT-саласы көрмесінде таныстырылды. 

23 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар: 

1873 жылы Санкт-Петербургте керосин шамдарының орнына әлемдегі алғашқы электр шамдары қолданылды;

1939 жылы Нью-Йоркте Бүкіләлемдік жәрмеңке кезінде 5000 жылдан кейін ашылуы тиіс "Уақыт капсуласы" орнатылды;

1980 жылы Северодвинск қаласында әлемдегі ең ірі суасты қайығы "Акула" суға түсірілді. 

23 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1992 жылы  Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасының арасында дипломатиялық қатынас орнады;

1993 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары Орталық Азияда Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды;

1994 жылы Ақмола университетіне Сәкен Сейфуллин есімі берілді;

1998 жылы Алматыда кеңес және қазақ композиторы, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ эстрада музыкасының дамуына үлес қосқан Әсет Бейсеуовке ескерткіш орнатылды;

2005 жылы Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені ашылды; 

2009 жылы Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды. 

23 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар: 

— 1861 жылы неміс инженері, өнертапқыш, Bosh фирманың негізін қалаушы Роберт Бош дүниеге келді; 

— 1926 жылы кеңестік театр және кино актері, сценарист, ақын Сергей Гурзо дүниеге келді ("Жас гвардия", "Батыл адамдар" фильмдері);

— 1930 жылы ресейлік театр және кино актері, сценарист, ақын Иван Краско Иван дүниеге келді ("Ақ флюгер", "Қызыл аралар", "Тайга императорының ақыры" фильмдері). 

23 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді:

— 1941 жылы жазушы, ақын-аудармашы  Алдан Саин дүниеге келді;

— 1957 жылы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов дүниеге келді;

— 1961 жылы медицина ғылымының докторы, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Нұрлан Арын дүниеге келді.

 Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Кез келген маңызды бастама үшін қолайлы күн.  


Жаңалықтар
0