Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 12 тамыз
Күнтізбе - 12 тамыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесінде 224-ші күн. Жыл соңына дейін 151 күн бар

12 тамызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

12 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Халықаралық жастар күні. Бұл мереке 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген болатын. Дәл осы ұйымның бастамасымен жастар мәселесін шешуге арналған бағдарлама да әзірленді. Соның ішінде жастарға білім беру, жұмыспен қамту, көш-қон, денсаулық сақтау және тағы басқа маңызды мәселелер бар.

Бұдан бөлек, әлем қауымдастығы Дүниежүзілік піл күнін атап өтеді. Мейрам 2012 жылдан бастап тойланып келеді. Негізгі мақсаты - африкалық және азиялық пілдердің популяциясын қорғау және сақтау туралы ақпаратты тарату.

Бүгін - Таиландта аналар күні (Ханшайымның туған күні). Тамыздың 12-сінде Таиландта Ұлы мәртебелі Сирикит ханшайымның туған күніне арналған мереке өтеді. Бұл тай халқының маңызды мерекесі ғана емес, сонымен қатар Аналар күніне орайластырған ұлттық мереке.

Қырғызстанда бүгін - қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерінің күні. Қырғыз Республикасының "Қылмыстық-түзеу (пенитенциарлық) жүйесінің органдары мен мекемелері туралы" заңының 39-бабына сәйкес 2003 жылдың 26 қыркүйегіндегі №609 жарлықпен бекітілген.

12 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1865 жылы ағылшын дәрігері Джозеф Листер операция кезінде алғаш рет фенолды қолданды. Ол хирургтың қолы мен құрал-жабдықтарын дезинфекциялау үшін пайдаланылады. Осының арқасында отадан кейінгі адам өлімі үш есеге азайған;

1898 жылы АҚШ Гавай аралдарын өзіне қосып алды;

1918 жылы АҚШ-тың барлық теміржол вокзалында ішімдік сатуға тыйым салынды;

1981 жылы IBM фирмасы IBM PC алғашқы бұқаралық дербес компьютерін шығарды;

1985 жылы Гумма префектурасында (Жапония) Japan Airlines әуе компаниясының Boeing 747 ұшағы апатқа ұшырап, 520 адам қаза тапты. Бұл - авиация тарихындағы ең ірі ұшақ апаты;

1999 жылы Украинада барлық айықтырғыш жабылды;

2000 жылы Баренц теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде ресейлік К-141 "Курск" атом сүңгуір кемесі апатқа ұшырады. Бортта болған барлық 118 адам көз жұмды.

12 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1953 жылы Семей полигонында әлемдегі ең бірінші сутегі бомбасы - кеңестік РДС-6с сынақтан өтті;

1970 жылы Алматыда Қазақ циркінің ғимараты салынып бітті;

1971 жылы Лисаков елді мекеніне қала мәртебесі берілді;

1999 жылы Қазақстан Республикасының "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" заңы жарияланды;

2011 жылы Өскеменде экологиялық бақылау құрылғыларын орнату жұмыстары басталды;

2012 жылы Лондон Олимпиадасында боксшы Серік Сәпиев Қазақстан құрамасы үшін кезекті алтын медальді олжалады;

2013 жылы Қарағандыда бірлескен кәсіпорында құрастырылған БелАЗ-7547 атты көліктің таныстырылымы өтті;

2013 жылы Оңтүстік Қазақстандағы ежелгі Күлтөбе қалашығында қазба жұмыстарын жүргізу кезінде біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларында салынған бірегей сәулет кешені табылды.

12 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1881 жылы "Paramount Pictures" компаниясының негізін қалаушы, екі бірдей "Оскардың" иегері, америкалық кинорежиссер Сесиль Блаунт Де дүниеге келді;

1907 жылы кеңес заманының кинорежиссері Александр Столпер дүниеге келді;

1954 жылы Францияның экс-президенті Франсуа Олланд дүниеге келді;

1992 жылы ағылшын әртісі Кара Делевинь дүниеге келді;

12 тамызда Қазақстанда кім туды

1937 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдірашит Сыдыханов дүниеге келді;

1949 жылы спорт шебері, армрестлинг бойынша ҚР еңбек сіңірген бапкері Сатыбалды Қыдырханов дүниеге келді;

1951 жылы ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі, профессор Жаңылжан Жүнісова дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде болады. Қаржы жағынан біршама қиындық болуы мүмкін. Дегенмен, жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелер оңай шешілуі керек. Басқа жерге көшуге, сапар жасауға және қызмет бабын ауыстыруға ыңғайлы уақыт. Эмоцияға берілмей, барынша ұстамды болған жөн. Әйтпесе, жақын адамдармен қарым-қатынас бұзылуы мүмкін. Өз түйсігіңізге сеніңіз.

Жаңалықтар
0