Қоғам

Еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыда қар жауып тұр
Алматыда қар жауып тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Кей жерлерде бұрқасындатып, қар жауады, тұман түседі

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20, екпіні 23/28, оңтүстік-батыс облыстарда 30 м/с асады. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман  түседі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс  Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ  болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде  жел күшейеді –15-23 м/с. 

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің күші 15-25 м/с жетеді, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.


Жаңалықтар
0