Өңірлер

Кәсіпкерден таяқ жедік деген шымкенттік полицейлер сотқа шағым түсірді

© Photo : pixabay.comПолицей, архивтегі фото
Полицей, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкер полицейлер жала жауып жатқанын мәлімдеді

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Шымкентте кәсіпкерден 9 жыл бұрын таяқ жедік деген полицейлер сотқа енді шағым түсірді, деп хабарлады КТК

Сонша уақыт ши шығармағанын тәртіп сақшылары өз басшыларының бизнесмен Мықтыбек Бекеевтен қорқып, қызметкерлерінің аузын жапқанымен түсіндіреді. Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет еткен Ділшат Хәкімжанов пен Ермек Нұрәлиевті сауна қожайыны әдбен қорлапты. Ал кәсіпкер полицейлердің өзіне қарсы ұйымдасып жала жауып жатқанына сенімді.

Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы әуежайында полицейді тепкен ресейлік айыппұлмен құтылды
Шымкенттегі Еңбекші аудандық сотында мұндай процестің болмағаны қай заман. Қиындығы сол, қос полицей жергілікті кәсіпкер Мықтыбек Бекеевтің жуан жұдырығынан 9 жыл бұрын таяқ жедік деп  шағым түсіріп отыр. Тәртіп сақшылары Ділшат Хәкімжанов пен Ермек Нұрәлиев 2009 жылы саунада шыққан жанжалды анықтамаққа барады. Бірақ сол жерде өздері таяқтың астында қалыпты. Тіпті, сауна қожайыны Мықтыбек Бекеевтен полицейлердің таяқ жеп жатқанын көрген азаматтар да бүгін куәлік жасады.

"Сол кезде мен де саунада болғанмын. Бекеев қос полицейді сауна аумағына кіргізіп алып, күзетшілеріне арқанмен байлатқызды. Ауыздарына күштеп арақ құйғызып, өзі бетінен ұрып жатқанын көрдім. "Мықтыбек, қойсаңшы" деген сөзіме пысқырған да жоқ", — дейді куәгер. 

Полицейлерді қан жоса қылып ұрғанымен қоймай, байлаулы күйі сауна сыртына лақтыра салған. Тіпті Бекеев қалталарындағы жеке заттарын да алып қойыпты. Ал артынша саунаға жеткен аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары қызметкерлеріне емес, кәсіпкерге жақтасып шыққан. Осы күнге дейін басшылардан қорқып келдік деген қос полицей араға сонша жыл салған соң ғана сотқа шағымдануға батылдары жетіпті.

 

Архивное фото мужчины на скамье подсудимых - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда полицейді өлтірді деген күдікті сот алдына келді
"Еңбекші аудандық полиция бөлімінің басшысы полковник Охашев пен орынбасары Мұсаев келді. Сөйтіп, бізге дымдарың іштеріңде болсын деді. Қорғайды деген басшыларымыз ши шығармаңдар деп тапсырма берген соң, кімге шағымданарымызды да білмей жүрдік осы күнге дейін. Қазір мен зейнетке шықтым. Заң алдында жауап берсін деп сотқа шағым түсіріп отырмыз", — дейді полицияның бұрынғы қызметкері Ділшат Хәкімжанов.

Ал сотқа қатысқан кәсіпкердің өзі тілшілерге адвокаты арқылы ғана сұхбат беріп жатыр. Бекеевтің пікірінше, полицейлер өзінің артынан әдейі түсіп отыр екен. Бір жарым жыл бұрын кәсіпкерге тиесілі саунада полицейлер арнайы операция өткізіп, жезөкшелер мен жеңгетайды ұстаған. Жезөкшені сылтау етіп бүкіл саунаны тінтіген тәртіп сақшылары Бекеевке тиесілі 70 миллион теңгені қолды еткен көрінеді. Ал тінтіген полицейлердің үстінен жазылған шағымнан соң ішкі істер департаменті кәсіпкердің артынан май шаммен түсіпті.

"Менің қорғауымдағы Бекеевтің айтуына қарағанда, оны Жүнісбеков және басқа да полиция қызметкерлері шақырып алып, арыз жазуыңды тоқтатпасаң тиісті шаралар көреміз деген. Осыған байланысты болса керек, Жүнісбеков 2009 жылы болған оқиға бойынша менің қорғауымдағы Бекеевке қарсы қылмыстық істі тергеген", — дейді Мықтыбек Бекеевтің адвокаты Шымырбай Ағабеков.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте есірткі сатқан полицейлер сотталды
Мықтыбек Бекеевтің саунада жоғалған 70 миллион теңгесі бойынша іс қозғаған өзіндік қауіпсіздік басқармасы көп ұзамай істі жауып тастапты. Қарға қарғанының көзін шұқымайтынына сенімді кәсіпкер қорғаушылары арқылы қазір сол істі қайта аштырған. Бұл жолы мұнымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері айналысуда. Ал полицейлердің арызы бойынша кәсіпкерге қатысты үш бап бойынша іс қозғалған. Сот процесінің қанша уақытқа созылары белгісіз. Бірақ бұл іс бойынша не сауна қожайынсыз қалуы, не біраз полицей шенінен айырылуы мүмкін.  


Жаңалықтар
0