Спорт

"GGG, алға". Әлем чемпионы Головкинге сәттілік тіледі

© AP Photo / John LocherГоловкин-Альварес жекпе-жегі
Головкин-Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин – Альварес реваншы 5 мамырда өтеді

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев Геннадий Головкинді мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен реванш өткізу жөнінде келісімге келуімен құттықтады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бақтияр Артаев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бақтияр Артаев: Головкин жеңіске жете алмайды-ау деген күмәнім бар
"Геннадий Головкин мен оның командасын 2018 жылдың 5 мамырында Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуге келісім жасап, оны ресми жария етуімен құттықтаймын.  GGG, АЛҒА. Бұл жолы "сарыны" төрешілер құтқара алмайтындай етіп жеңуіңе тілектеспін!", — деп жазды Ковалев Instagram-дағы аккаунтында. Головкин – Альварес реваншы 5 мамырда өтеді. Жекпе-жек қайда өтетіні кейінірек хабарланады.     


Жаңалықтар
0