АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Бүгін елордада барлық оқушы мен 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды, деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.
"23.01.2018 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", — деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер бұған дейін алдағы үш тәулікте орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарда аяз күшейетінін хабарлаған болатын.
"Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде температура 40-45 градусқа, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 28-33 градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық нормамен салыстырғанда 10-18 градусқа суық болатынын білдіреді", — дейді мамандар.