АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. АҚШ штаты Калифорнияда 13 баласын бұғауда ұстаған ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Балаларының жасы – 2 мен 29 аралығында. Олардың біразы шынжырға байланған. Жексенбі 14 қаңтарда 10 жастағы қыз үйінен қашып, құтқару қызметіне бәрін айтып беріпті.
57 жастағы Дэвид Аллен Турпин мен 49 жастағы Луиза Анна Турпиннің үйіне келген полиция бірнеше баланың төсекке байланып жатқанын көрген, бөлмеде сасық иіс мүңкіп тұрыпты. Олар ұзақ уақыт ас-су ішпеген көрінеді.
Бірақ ата-ана өз балаларына неге бұлай жасағандарын түсіндіріп бере алмады.