Өңірлер

Еліміздің кей өңірлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның шығыс бөлігінде сейсенбі күні қар жауады

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Республиканың шығыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде боран, тұман, көктайғақ, бұрқасын, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің екі облысында боранға байланысты жолдар жабылды

Ақмола, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран, түнде бұрқасын 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, боран соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде — тұман, көктайғақ, боран, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Жаңалықтар
0