Қоғам

Еліміздің басым аумағында қар жауады

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана, архивтегі сурет
Астана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек оңтүстік шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде  қар жауады, тек оңтүстік шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, тұман түсіп, жел  күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с болады. 

Аязды күні серуендеп жүрген баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр: синоптиктер қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде бұрқасын болады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. 

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерде бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасын болады, жел 15-20 м/с  күшейеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жаңалықтар
0