АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Шымкент-Ташкент бағытындағы автобусы 8 қаңтардан бастап күнде қатынайтын болады, деп хабарлайды Газета.uz.
Алғашқы рейс Өзбекстан делегациясының қатысуымен 5 қаңтарда аттанады. 8 қаңтардан бастап жолаушылар автобусы күнделікті қатынайды: 6.00—7.00-ден бастап 19.00—20.00-ге дейін сағатына бір автобус.
"Рейстер уақыты маусымға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. ІІМ кешкі сапарға рұқсат берсе, 21.00—22.00 кезінде де жолаушылар тасымалдайтын боламыз", — деп жазады басылым.
Рейс кезінде техникалық аялдамалар болмайды, ал шекара бекеттерінен өту кезінде әжептәуір басымдық берілмек. Яғни, автобус жолаушылары мен олардың жүгі кедендік бақылаудан кезектен тыс өткізіледі.