Оқиға

Алматыда екі қыз көлік астына түсті

© Sputnik / Предоставлено очевидцамиЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздар жансақтау бөлімінде әл үстінде жатыр

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстанға.

Екі қыз жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болыпты. Жаяу жүргіншілер өтетін жер он бес метрдей қашықтықта болған.

Олар жолдың жартысын жүгіріп өтіп, қозғалыс жолағының қақ ортасында тұрып қалады. Сол кезде даңғыл бойымен Mitsubishi Pajero көлігі келе жатқан. Жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерге жақындағанда, қыздар да кенет алға ұмтылады. Жүргізуші тоқтап үлгермей, оларды қағып кеткен.

© Sputnik / Предоставлено очевидцамиАлматыда екі қыз көлік астына түсті
Алматыда екі қыз көлік астына түсті - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматыда екі қыз көлік астына түсті
© Sputnik / Предоставлено очевидцамиАлматыда екі қыз көлік астына түсті
Алматыда екі қыз көлік астына түсті - Sputnik Қазақстан
2/2
Алматыда екі қыз көлік астына түсті
1/2
Алматыда екі қыз көлік астына түсті
2/2
Алматыда екі қыз көлік астына түсті

Жол апаты салдарынан екі қыз да ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды. Қазір жансақтау бөлімінде.

Жаңалықтар
0