Оқиға

Щучьеде қазандықтан от жағушының денесі табылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуОт жағушы
От жағушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Щучье тұрғыны қазандықта өлі күйінде табылған

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Щучье қаласында қазандықтан шыққан өртті сөндіру кезінде құтқарушылар от жағушының денесін тапты, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте пәтерден төрт адамның денесі табылды

Қаза тапқан от жағушы – 1961 жылы туған жергілікті тұрғын екен. Жұмысшының денесі сот-медициналық сараптама жасау үшін мәйітханаға жіберілді.

Еске сала кетейік, Бурабай ауданы әкімдігінің мәліметінше, 27 желтоқсанда 13.13  кезінде "Көкшетау Энерго" ЖШС филиалына тиесілі, жеке орналасқан қазандықта апат болған. Салдарынан қазандықтың 60 шаршы метр төбесі құлап, 30 шаршы метр қабырғасы қирады. Қазандықтың бір жұмысшысы қаза тапты.


Жаңалықтар
0