АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов сот қызметкерлерінің әрқайсысына үндеу хат жолдады. Бұл туралы Facebook желісіндегі жеке парақшасында бұдан бұрын Қазақстан бас прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған Думан Қожахметов хабарлады.
Оның айтуынша, қызметкерлерге хат 20 желтоқсанда жолданған, бірақ қазір What'sАpp пен әлеуметтік желілерде тарап кетіпті. Үндеу хаттың мән-мағынасы жүйе ішінде ұсыныстарды жинау болатын.
"Президент мені осы лауазымға тағайындай отырып, бірнеше стратегиялық тапсырма қойды. Олардың ең маңыздысы – қазақстандықтардың, бизнестің, инвесторлар мен халықаралық қауымдастықтың сотқа деген сенімін арттыру", – делінген Асановтың үндеуінде.
Хатта жазылғандай, Жоғарғы сот басшысы қызметкерлердің барлық ұсынысын тыңдап, ең ұтымдыларын қабылдайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Жақып Асанов биыл 11 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы сотыны төрағасы болып тағайындалған.