Сейсенбі таңертең Нарьян-Мара қаласынан Харута елді мекеніне бағыт алған Ан-2 ұшағы аспанға көтерілген сәтте апатқа ұшырайды. Бортта экипаждың екі мүшесі мен он бір жолаушы болған.
Соңғы деректер бойынша үш адам қаза тапты: бір ер адам, әйел және төрт жасар бала. Зардап шеккен барлық адам ауруханаға жеткізілді, олардың хәлі ауыр.
Ресейдің тергеу комитеті ұшақ апатының үш себебін қарастырып жатыр: қолайсыз ауа райы, ұшақты басқарудағы қателік және техникалық ақаулықтар. Апат қозғалтқыштың істен шығуынан болуы мүмкін.
Жиырмасыншы желтоқсан өңірде қаралы күн ретінде жарияланды.