Оқиға

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол салды

© Sputnik / Александр Пирагис / Медиабанкке өтуТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық қудалау органдары ер адамның мұндай қадамға не үшін барғанын анықтап жатыр

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Астана тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Астана ЕЦ-166/1 тергеу изоляторының қызметкері желтоқсан айының басында өз-өзін өлтірген.

"Бұл оқиға демалыс күні, қызметтен тыс, өз үйінде болған. Ер адамның соңынан отбасы, бала-шағасы қалды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.

Дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. 

Қылмыстық қудалау органдары оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Жаңалықтар
0