АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Pantone зерттеу орталығы келер жылдың негізгі түсін анықтады. 2018 жылдың ең сәнді түсі – Ultra Violet күлгін реңі, деп хабарлайды РИА Новости.
Pantone колористері күлгін түстің 2018 жылы танымал болатынына бәс тігіп отыр.
© Photo : PANTONE BRASIL2018 жылдың ең сәнді түсі анықталды

2018 жылдың ең сәнді түсі анықталды
© Photo : PANTONE BRASIL
"18-3838 нөмірімен таңбаланған реңк адамдарды шығармашылық ізденістерге шабыттандырады", — дейді компания өкілдері.
Pantone 2000 жылдан бері 12 айдың негізгі түсін анықтаумен айналысып келеді. Компанияның нұсқасы бойынша, биылғы жылдың ең сәнді түсі "Greenery" шөп түсті реңі болған еді.