АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанға Атлантикадан үлкен ылғал қорымен ауа массалары ығысады, сондықтан демалыс күндері республиканың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман және күшті жел болуы ықтимал.
"Алайда батыстық тропосфералық ағындар біртіндеп оңтүстік-батысқа ығысатын болады және Қазақстанға Ираннан жылы ауа массалары түсе бастайды. Сондықтан жауын-шашынға қарамастан республиканың батыс бөлігінде ауа температурасы 4-8 ºС және шығысында 2..5ºС нормадан жоғары болып сақталады", — дейді синоптиктер.