Өңірлер

Дүйсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады

CC0 / Vlasto / Ауа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір облыстарда бес градусқа дейін үсік күтіледі

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Республика территориясының көп бөлігінде амосфералық фронттың өтуі салдарынан кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс аймақтың көп бөлігінде жаңбыр жауады.  Тек, Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде желл күшейіп, тұман түседі. 

Айдана Абықан - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптик: демалыс күндері қар жауып, күн суық болады

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с, ал Жамбыл облысында 25 м/с дейін жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі. Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 5 градусқа дейін үсік болады. 


 

Жаңалықтар
0