Оқиға

Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып кетті

© SputnikАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша қаза тапқан мас болған

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан оқиға куәгерлері..

Жол апаты Наурызбай ауданындағы Строительная көшесінде болды. Көзбен көрушілер мен Mercedes жүргізушісінің сөзіне қарағанда, көлік Строительный көшесінің бойында келе жатқан. Бұл кезде жолда болжам бойынша жасы 30-35-жер шамасындағы ішімдік ішіп алған ер адам жүріп келе жатқан.

Жігіт кенеттен солға қарай жүрем деп, Мерседес көлігінің астына түсіп қалған. Салдарынан жігіт "жедел жәрдем" келгенге дейін сол жерде тіл тартпай кетті.

Жергілікті тұрғындар марқұмды өздерінің көршілері Денис деп шамалады. Олардың айтуынша, сол күні жігіттің әйелі қайтыс болған екен.

Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 


Жаңалықтар
0