Өңірлер

Қазақстанның батысында өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтужаырақтар
жаырақтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстан территориясы әліде антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, солтүстік, солтүстік шығыс, шығыста кей жерлерде тұман болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік батыста шаңды дауылмен бірге, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с шаңды дауылмен бірге болады. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.Басым бөлігінде Атырау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Атырау,  кей жерлерде Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы сақталады. 


Жаңалықтар
0