АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Алматыдағы жол апатының себепшісі Kia көлігінің әйел жүргізушісі болды, ол газ бен тежеуішті ауыстырып алып, BMW көлігіне соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері.
Жол апаты Момышұлы – Шаляпин көшелерінің қиылысында сейсенбі күні кешке орын алды. Kia жүргізушісі Шаляпин көшесінен оңға қарай бұрылмақ болып, қателесіп газ педалін басқан, осылайша қарсы қозғалыстың жолағына шығып кетеді. Нәтижесінде Kia BMW автокөлігімен бетпе-бет соқтығысады.
Жол апатынан төрт адам зардап шекті: BMW көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сонымен қатар Kia жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Алғашқы көмек көрсетілгенне кейін ол ар үйлеріне қайтарылды.