АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Бейсенбі күні Есіл өзенінде кәмелет жасқа толмаған бала суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Қайғылы оқиға 17.25-те Орталық саябақтың жанындағы қалалық жағажай аумағында болды. 2003 жылы туған жасөспірім суға батып кетті.
Жас өспірімнің денесін құтқарушылар 17-28-дер шамасында алып шықты.