Өңірлер

Алматы облысында оқушының өліміне айыпты жасөспірімдер сотталды

© AP Photo / Eric RisbergКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлер әртүрлі жаза мерзіміне кесілді

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматы облысында 15 жастағы Шахзат Махаметовтың өліміне айыпты үш жасөспірім бес жылдан сегіз жылға дейін сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Баланы өлтірді деген айып тағылып отырған Шәрипа Ақбердиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өлтірілген Өркен Азаматұлының өгей шешесі сотта өз уәжін айтты

Тергеу ісі бойынша, 2015 жылы 18 қарашада Талғар мектебінің екі оқушысы төбелескен. Іс бойынша параллель сынып оқушысы негізгі күдікті болған, ол Шахзат Махаметовты құрсақ өрімінен ұрып, салдарынан оқушының көкбауыры жарылып кеткен, жерге құлаған кезде, мойын омыртқасы мен бас сүйегі сынған.    

"2017 жылы 21 шілдеде Алматы облысы №2 мамандандырылған ауданаралық ювеналды сотында үш жасөспірімге қатысты үкім шығарылды. Олардың екеуі ҚР ҚК 28-бабы 4-бөлігі (Арандатушылық), 106-бабы 2-бөлігі 5,11-пункті (Қасақана денсаулығына ауыр зиян тигізу) бойынша айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандықтарынан айырылды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тағы бір жасөспірім ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтар
0