АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Араб Sputnik редакциясының тілшісі Сара Нуреддин мен оны алып жүрген ирактық әскери қызметкер Иракта Мосулдың батысында жауған оқтың астында қалды, деп жазады РИА Новости.
Журналист болған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Нуреддиннің сөзіне қарағанда, ол минасыздандыру процесін түсірмек болып, мектептен түсірілімге ыңғайлы орын таңдаған. Мектепке жете бергенде, оның айтуынша, ол қаруланған содырды байқап қалған. Ол туралы бірден сарбазға хабарлаған.
Нуреддин басқа бөлмеде тығылмақ болып қашып кетеді. Ал әскери қызметкер содырға жақындаған кезде оқ жаудырылған. Оқ жаудыру салдарынан ирактық сарбазға бес оқ тиіп, аяғы, арқасы жарақаттанып, саусағынан айырылған. Тілші сарбаздың қаш дегеніне қарамастан, жарақаттанған адамды өзімен сүйреп әкеткен. Нуреддиннің өзі жарақат алмаған.