Әлем

Қытайда нөсер жаңбыр 80 адамның қаза болуы мен жоғалып кетуіне себеп болды

© REUTERS / CNS/Yang HuafengҚытайдағы қатты жаңбыр
Қытайдағы қатты жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарты айдан бері жауып жатқан нөсер жауын Қытайдың оңтүстік шығыс провинциясының тұрғындарына біршама зардап келтіріп жатыр

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Нөсер жауын салдарынан болған су тасқындары Қытайдағы Хуань провинциясында адамдардың қаза болуына әкеліп соқтырды, деп хабарлады РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Қостанай облысында шопан мен бір жарым мың қой қаза болды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысында шопан мен бір жарым мың қой өртеніп кетті

Ресми деректерге сәйкес, көшкін салдарынан 28 адам қаза болды, су тасқындарынан 17 адам суға батып кетті, 22 адам қираған үйлердің астында қайтыс болды, тағы 16 адам белгісіз себептермен жоғалып кетті. 

Қытайдың оңтүстік шығысында 22 маусымнан бері жауып жатқан толасыз жауын 5 мың үйдің қирауына себеп болды. 1,6 миллион адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару операцияларына 52 мыңнан асам әскери тартылды. 


Жаңалықтар
0