АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейіп, бұршақ түседі. Республиканың солтүстігінде таңертең және түнде кей жерлерде тұман түседі.
Павлодар облысында кей жерлерде бұршақ түседі, күн күркірейді, желдің екпіні 17-22 м/с. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ түседі, желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысында күндіз, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.