АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерде жел ұйытқып, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті сайты.
Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23 м/с. Алматы облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 17-22 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында — түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында — кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.