Димаш выступит на открытии казахстанского кинопавильона в Каннах
"Алғаш рет Канн кинфестивалінің аясында Қазақстан павильонын ашамыз. Барлық ірі фестивалдерде белгілі бір елдің киноиндустриясының толық бейнесін көрсететін кинобазар өткізіледі. Бұл іс-шараның бізге келер пайдасы мол деп ойлаймын, өйткені бұл фестивалге әлемнің түпкір-түпкірінен киноинудстрия өкілдері жиналады", — деді мәдениет министрі.
19 мамыр күні павильонның ашылуына орай ресми қабылдау мен концерт өкізіледі, оған қазақстандық жұлдыздар ат салыспақ, олардың арасында скрипкашы Айман Мұсаходжаева мен әнші Димаш Құдайберген бар. Қазақстан павильонына Канн қаласының мэрі келеді деп жоспарланып отыр. Павильон 17-28 мамыр аралығында жұмыс істейді.