АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінде Қырғауылды ауылын су басуына байланысты оперативті штаб құрылды, деп хабарлады Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.
"27 сәуірде нөсер жауынның жаууына байланысты Алматы облысы Қарасай ауданының ауылында Қырғауылды өзенінің су деңгейі көтерілді. Салдарынан Қырғауылды ауылында, "Ақсай-19" ПКСТ, "Торпеда", "Труд", "Полет" сондай-ақ облыстық маңыздағы Алматы-Жандосов тас жолының 23 шақырымын су басты", — деп хабарлады ТЖД.



Ведомствода су басқан жерде Алматы облысының ТЖД жедел тобы, бірнеше құтқару жасағының құтқарушылары және мамандандырылған техниканың жұмыс істеп жатқаны туралы нақтылады. Оперативті штаб құралды.
Қырғауылды өзенінің арнасын тазарту мен тереңдету бойынша жұмыс жүргізілуде. АІІБ қызметкерлері екі жақтан Алматы-Жандосов тас жолы екі жақтан қоршалды. Қырғауылды өзені өтетін тас жолдағы көпір тазартылды.
Қазіргі уақытта 151 саяжай телімі мен балабақшаны су басты. Құтқарушылар екі адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сонымен қатар адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін Қырғауылды ауылындағы орта мектептердің бірінде 50 орын, екі автобус әзірленді. Алайды тұрғындар қауіпсіз жерге көшуден бас тартты.
Саяжай аулаларын шолып шығу үшін арнайы топтар әзірленді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Бөгеттің бұзылғандығы турал ақпарат жоққа шығарылды.