Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде дүйсенбіде жаңбыр жауады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман болып, екпінді жел соғады, солтүстіктің басым бөлігінде жел күшейеді.

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik.cАтмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр сақталады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметінде. 

ШҚО-да Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өзеннің тасуынан ШҚО-да Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр

Атырау  облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі,  жел 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 17-22  м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде  желдің екпіні 23 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қызылорда облысындаи күндіз шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.

Жаңалықтар
0