Өңірлер

Орал еріген қар суының астында қалды

© Елена Бережнаясу тасқындары
су тасқындары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орал шетінің тұрғындары еріген қар суының құрсауында қалды

АСТАНА, 28 нау — Sputnik. Еріген қар суы мен жаңбырдың кесірінен Оралдағы ПДП-2 шағын ауданының көшелерін еріген қар суы басып қалды. Көшелерді су басқаны соншалықты, көлік жүре алмай қалды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Шағын аудан тұрғындары көшеге тек резеңке етікпен шығады, бірақ кей жерлерде олар да іске аспай қалып жатыр.  

Батпақтарға байланысты балаларды еш жерге жібермейді. Автобустар проблемалы ауданға кіруден бастартып, адамдарды әзірге құрғақ жерде қалдырып жатыр. Тіпті осы импровизацияланған аялдаманың өзіне кейбіреулер бір сағаттың көлемінде жетеді. 

"Жету өте қиын, көріп отырғандарыңыздай қатты балшық айтатыны жоқ. Бір ана жақта алыста тұрамыз. Балалармен тіптен қиын. Міне резеңке етіктеміз. Әні балалар балшықта", — деді жергілікті тұрғын Роза Үрбісінова. 


Жаңалықтар
0