Өңірлер

Сейсенбіде Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік батысында жауын-шашын болады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтужауын
жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірнеше облысында тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады

АСТАНА, 27 нау — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтартарының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидроет.  

Кей жерлерде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады,  республиканың солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарында бұрқасын, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.  

Шығыс Қазақстан облыстының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында  тұман күтіледі.

 

Жаңалықтар
0