АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс және батысының кей жерлерінде аздаған жауын-шашын болады, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде — тұман. Ақмола, Жамбыл, Қостанай,
Солтүстік Қазақстан Павлодар, Қарағанды, ШығысҚазақстан облыстарының кей жерлерінде — тұман, Жамбыл облысында, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейн күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейн күшеюі күтіледі, түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде — тұман болады.