Өңірлер

Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашын болады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикамыздың кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.

АСТАНА, 7 нау — Sputnik. Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күндіз азғана жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Алматы, Маңғыстау  облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында  жел 18-23 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз көктайғақ, кей жерлерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде  тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе, Қостанай,  Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман  болады.


Жаңалықтар
0