Оқиға

ШҚО-да құлаған тікұшақ Тұрлыхановтар отбасына тиесілі болып шықты

© Photo : ДЧС ВКОТікұшақ
Тікұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрлыхановтарға тиесілі тікұшақ 2009 жылы шығарылған

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстанда құлаған тікұшақ Гапура Тұрлыхановаға тиесілі болған деп хабарлады ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Берілген мәліметтерге сүйенсек, "Стрекоза 7-Gazelle SA341" тікұшағы 2009 жылы шығарылған, былтыр 22 желтоқсанда тіркеліпті.

Тікұшақтың иесі – Тұрлыханова Гапура Мұхатбекқызы. Ашық дереккөздерден алынған деректер бойынша, ол Қайрат Болатұлы Тұрлыхановтың әйелі. Қайрат Тұрлыханов Семей қаласының әкімі, ҚР қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі және тағы басқа жоғары лауазымды қызметтерді атқарған. 

Гапура Тұрлыханова 2000 жылдары танымал болған әнші Рахат Тұрлыхановтың анасы. 

Жаңалықтар
0