Саясат

Түркия СІМ Сирия мәселесі туралы: Астанадағы кездесу сенім ұялатты

© AP Photo / Sergei GritsСирияаралық келіссөздер
Сирияаралық келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркия СІМ басшысының пайымдауынша, Астанада өткен Сириядағы ахуалды саяси реттеу бойынша келіссөздер елдің болашағы үшін өзгерісті кезең болуы мүмкін

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Астанада өткен Сириядағы ахуалды саяси реттеу бойынша келіссөздер елдің болашағы үшін өзгерісті кезең болуы мүмкін деп мәлімдеді Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сирия бойынша мәлімдеме: үш жақты тетік құру ұйғарылды

Астанадағы келіссөздер барысында Ресей, Иран және Түркия Сириядағы бітімнің кепілгерлері ретінде САР-дағы қарулы қақтығысты тоқтату режимін бақылайтын үш жақты тетік құру туралы келісімге келді.

"Қақтығысушы тараптар бітімге келу режимін нығайту жолдары мен оның бүкіл Сирия аумағына таралуы туралы пікір алмасты. Тараптардың бір-біріне деген сенімі ұлғайғандығын ескерсек, бұл кездесудің маңызы өте зор. Астанадағы келіссөздер нәтижесі "женевалық үдеріске" үлесін тигізіп, Сирия болашағы үшін өгерісті кезең болатына үміт артамыз", — деп мәлімдеді Чавушоглу тілшілерге Мозамбикте. СІМ басшысы Түркия президенті Тайип Ердоғанмен бірге бұл елге іссапармен келген еді.

Жаңалықтар
0