АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстік-шығысында тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазагидромет" метеоқызметі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел бұрқасынмен 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында түнде екпіні 23 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
