Мәдениет

Танымал актер Вячеслав Шалевич дүние салды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуВячеслав Шалевич
Вячеслав Шалевич - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің халық әртісі Вячеслав Шалевичпен қоштасу кеші Вахтангов атындағы театрда өтеді, актер мұнда көп жылдар бойы қызмет еткен

АСТАНА, 22 жел – Sputnik.  Вахтангов театры актері, Ресей халық әртісі Вячеслав Шалевич сәрсенбі күні ауруханада ұзаққа созылған дертінен көз жұмды деп хабарлады театр директоры Кирилл Крюк РИА Новости агенттігіне.

"Жаңа ғана ауруханада Вячеслав Шалевич ауыр сырқатынан қайтыс болды", — деді ол.

Гейдар Джемаль - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Гейдар Джемаль Алматыда жерленеді

Актермен қоштасу кеші Вахтангов театрында өтеді. Азаматтық жаназа мен жерлеу рәсімінің уақыты кейінірек белгілі болады.

Кеңес Одағы мен Ресейдің театр және кино актері, Ресейдің халық әртісі Вячеслав Анатольевич Шалевич 1934 жылы 27 мамырда Мәскеуде дүниеге келген. 1958 жылы Борис Щукин атындағы театр училищесін тәмамдап, сол жылы Е. Вахтангов атындағы Театр труппасына қабылданған. 

Актер көрермендерге "Хоккеисты" (1964), "Три тополя на Плющихе" (1967), "Красная площадь" (1970), "Семнадцать мгновений весны" (1973), "Любовь немолодого человека" (1990), "Мастер и Маргарита" (1994), "Московская сага" (2004)  және басқа да фильмдер мен телехикаялар арқылы танымал.

Шалевич төрт рет отбасын құрған. Жұбайының есімі – Татьяна Виноградова. Актердің соңынан екі баласы қалды – ұлы Иван мен қызы Анна. 

Жаңалықтар
0